Телефон: +7 (7172) 94-23-30 Email: info@astana-turan.kz
Маусым 1, 2026

Колледж қабырғасында Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен, кең көлемде аталып өтті.

 Колледж қабырғасында Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен, кең көлемде аталып өтті. 

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара ұлттық рухты асқақтатып, салт-дәстүріміздің терең мәнін айқын көрсетті.

Студенттер мен ұстаздар қауымы бірлесе отырып, қазақтың бай мәдениетін дәріптеді. Әсем безендірілген орта, ұлттық киімдер мен шаттыққа толы көңіл күй мерекенің көркін одан әрі арттырды.

Бұл күн – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осындай тағылымы мол мереке колледж өміріне ерекше жылулық пен қуаныш сыйлап, барша қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.