Телефон: +7 (7172) 94-23-30 Email: info@astana-turan.kz
Ақп. 24, 2026

Кәсіптік бағдар – дұрыс таңдау – табысты мансап

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында елордамыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен «Кәсіптік бағдар – дұрыс таңдау – табысты мансап» атты қалалық көрме өткізілді.

Аталған көрмеге колледж ұжымы да белсенді қатысып, оқу орны туралы жан-жақты ақпарат беріп, шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында техникалық мамандықтарға қызығушылық танытқан оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар ұсынылып, мамандықтардың ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар, талапкерлерге арналған ақпараттық және жарнамалық буклеттер таратылды.