Маусым 1, 2026
Таза Қазақстан
2026 жылдың 12 мамыр күні «Индустриялық парк» алаңында ағаштарды суару жұмыстары ұйымдастырылып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында маңызды экологиялық іс-шара өтті.
Іс-шараға 60-тан астам «Жасыл Ел» жастары белсене қатысып, табиғатқа деген жанашырлығы мен қоршаған ортаны қорғауға деген зор жауапкершіліктерін көрсетті.
Жастар жасыл желекті сақтауға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастаманы қолдады.
Табиғатты аялау – болашаққа жасалған қамқорлық!

