Маусым 11, 2026
«Аман қалу бағыты» құтқару көпсайысы бойынша ашық республикалық жарысы өтті
Колледж студенттері Қарағанды қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Аман қалу бағыты» құтқару көпсайысы бойынша ашық республикалық жарыста жоғары шеберлік пен үздік дайындықтарын көрсетіп, ІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – студенттердің табандылығының, жауапкершілігінің және командалық жұмысының жарқын көрінісі. Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

