«КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС»
2026 жылғы 23 ақпанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде колледж студенттеріне «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» («НЕ КНИЖНЫЕ ЗАКЛАДКИ») қысқаметражды деректі фильмі көрсетілді.
Фильм қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымы, соның ішінде «закладка» жасау арқылы тарату жолдары туралы баяндайды. Деректі туындыда жастардың жеңіл табыс табу мақсатында заңсыз әрекеттерге баруы, оның ауыр құқықтық және өмірлік салдары нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.
Көрсетілім барысында студенттерге есірткі заттарын сақтау, тарату және «закладка» жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттердің адамның болашағына, денсаулығына және отбасы өміріне тигізетін зияны кеңінен талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Фильм соңында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, нашақорлықтың алдын алу жолдары жөнінде пікір алмасып, фильмді талқылауға ұласты.

